Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы жұмыста болған: СҚО-да тағы бір бала өрттен көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында өртте бір бала қайтыс болды. Өрт шыққан кезде баланың ата-анасы үйде болмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Новороссийск ауылында бір баланың қайтыс болғанын хабарлады. Куәгерлердің сөзінше, екі пәтерлі үйде өрт шыққан.



"1 наурызда сағат 18:59-да Смирново кентінің 101 пультіне Новороссийск кентіндегі тұрғын үйден өрт шықты деген хабарлама келіп түсті. Келген кезде пәтерде бала бар екендігі анықталды. Бір қабатты ғимарат өртенген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, баланың денесі сараптамаға жіберілді", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Бала үйде жалғыз болған. Өрт шыққан кезде ата-анасы жұмыста еді.

Қабырға қамыс болғандықтан, оңай тұтанды. Өрт ас үйде болған. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына пеш себеп болған. Өрт салдарынан үйдің жартысы қирап қалды. 

Еске салсақ, Түркістан облысында әйел мен оның төрт баласы көз жұмды. 

Оған қоса, 19 ақпанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында өрт болып, бес бала қайтыс болды.

Талқылау