Ата-анасы Мысырда қалдырып кеткен қазақстандық бала туралы Сыртқы істер министрлігі айтты
ҚР сыртқы істер министрлігі ата-аналары Мысырда қалдырып кеткен бала жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мысырдағы елшіліктің мәліметінше, отандасымыздың жағдайы бақылауда. Ол қонақ үйде жатыр, ішіп-жейтін тамағы бар. Барлық шығынды қонақ үй басшылығы көтеріп алды. 5 сәуірде қайта ПТР-тест жасалады", - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Бозбаланың визасы 20 сәуірге дейін жарамды екен.
"Туроператормен оның медициналық сақтандыруын ұзарту үшін жұмыс істейміз. Бала назарсыз қалмады. Оның ата-анасымен байланыстамыз", - деп қосты ол.
Еске салайық, бұған дейін Өскемендік отбасы коронавирус жұқтырған ұлдарын Мысырда қалдырып кеткені айтылған еді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты