Ата-анасы қан құюдан бас тартқан: Павлодарда жаңа туған нәресте көз жұмды
Биыл қаңтар айының соңында Павлодардағы перзентханада мерзімінен бұрын туылған нәресте бір күннен кейін көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Бала 2021 жылы 22 қаңтарда Павлодарда мерзімінен бұрын салмағы 700 грамм болып дүниеге келген. Баланың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер қан құю керек екенін айтқан. Алайда анасы бұған қарсы болыпты.
Келіншектің мұндай шешім қабылдауына діни көзқарасы түрткі болған.Әйел баланың өміріне қауіп төніп тұрса да, шешімінен бас тартпапты.
Алайда, ол емдеудің баламалы әдісі құрамында темір және дәрумендер бар эритропоэтин препараттарын қолдануға келісті. Дәрігерлер полиция шақырып, жас ананың келісімін алмақ болған. Бірақ процесс жүріп жатқанда, нәресте көз жұмды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан