"Ата-анасы дәмханада болған": Оралда 5 жасар бала суға батып кетті
Оралда жағажайда орналасқан демалыс орындарының бірінде 5 жасар бала суға батып кетті. Баланың ата-анасы ол сәтте дәмханада болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

"Оқиға орны шомылу үшін жабдықталған. Жағажайда бақылау мінбесі бар, бірақ ол шомылу аймағын толықтай қамтымайды. Балалар жағажайы да бар. Оқиға болған күні жеті құтқарушы жұмыс істеді. Демалыс орнында тұрақты түрде тексеріс жүріп тұрады. Соңғы рет ТЖБ қызметкерлері 24 шілде күні тексерген", – деп хабарланды ТЖД-дан.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 12 адам суға батып кетті. Олардың бесеуі балалар.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады