Қызылордада екі жасар бала үрлемелі бассейнге батып кетті
Қызылордада екі жастағы сәби үрлемелі бассейнге батып кетті. Қайғылы оқиға 22 шілдеде сағат 19:25 шамасында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыс орталығында орналасқан К. Рүстембеков көшесі бойындағы тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып қойған 2020 жылы туған сәби үрлемелі бассейнге батып кеткен.
"Облыс тұрғындарынан балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау лазым. Балаларға барынша сақ болыңыздар", – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте бір жасар бала бассейнге батып кеткен еді. Қайғылы оқиға Абай ауданының Қызылжар ықшам ауданында өткен түнде болған. 2021 жылы туған сәби жеке үй ауласындағы бассейнге құлап кеткен.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге