Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ата-анам рұқсатын берді": Заманбек Нұрқаділовтің немересі өзі сүйген қызбен тұрып жатыр

Заманбек Нұрқаділовтің немересі Нұрбибі Нұрқаділова қазіргі тұрмысы мен дәстүрлі емес көзқарасы жайлы айтты. Ел алдында өзінің лесби екенін ашық мойындайтын Нұрбибі сүйікті қызымен қалай танысқанын айтты. Бұл некеге ата-анасы еш қарсылық білдірмеген екен.

Бұл туралы "Без фильтров" бағдарламасында айтылды.  

Нұрбибі Нұрқаділова Тоғжан есімді сүйіктісімен бірге тұрып жатыр. "Жүрегімді жаулаған ару - мәңгілік серігім" дейді өзі. Онымен барда танысқан. Еркекшора Тоғжанға деген сезімі шынайы екенін айтады. 

"Тоғжанмен барда таныстым. Бастапқыда маған басқа қыз ұнап жүрген еді. Кейін Тоғжан өзіне қаратып алды. Небір сыйлықтар жасады. Артымнан жүгірді. Ол жігітке ұқсайды. Қыз болып көйлек кимейді. Мінезі де тік. Маған сақина мен гүл ұсынып, көңілін білдірді. Мен онымен мәңгі бірге боламын деп келістім", - деді Нұрбибі. 

Нұрқаділованың шетелге көшетін ойы жоқ. Сүйіктісімен әзірге Қазақстанда тұруды жоспарлаған. Елде біржыныстылардың некесін заңдастырса екен дейді.

"Біржыныстыларға құқық беру керек. Некені заңдастыруға рұқсат беру керек деп есептеймін. Егер бұл некедегі бір адам ауруханада жатса, екіншісін кіргізбейді. Өмірден өтсе, серігіне ешнәрсе қалмайды. Ол әйелі не күйеуі санатында болмайды. Сондықтан бізге қиын. Мұндай неке заңдастырылу керек деп санаймын", - деді ол. 

Нұрбибібің ата-анасы қызының Тоғжанмен тұруына қарсы болмаған. Әркім өз өмірінің қожайыны деп рұқсат еткен екен. 

"Ата-анама көзқарасым жайлы айтқанымда жақсы қабылдады. Егер шын қаласаң, өзің біл деді. Ата-анам - көзі ашық жандар. Бала күнімнен маған жігер беріп өсірді. Тоғжанмен араласады. Бірге тұруымызға қарсы емес. 10 жасар ұлым "Тоғжанды сүйесің бе?" деп сұрап қояды. Бірақ ол кішкентай. Әлі сезім туралы білмейді", - деді Нұрбибі. 

Тоғжан екеуінің некесінде Нұрбибі екеуі қызметті тең атқарады. 

"Шамамыз келгенше ақша табамыз. Үйді бірге жинаймыз. Мен тамақ жасаймын. Ол ауыр жұмыстарды істейді. Күші көп", - деді Нұрбибі. 

Талқылау
Пікір
bauka
11 Қаң, 21 жыл - 15:16

Елімізде осындай шайтандар көбейіп барады.