Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ата-анам бөлек тұрады": Актриса Әсел Асқар әкесіне сыйлығын ерекше әдіспен тарту етті

Танымал актриса, тележүргізуші Әсел Асқар әкесінің туған күніне тосынсый жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/assel.askar/

Актриса 7 жасқа толғанда ата-анасы екі жаққа кетіпті. Әкесі екінші рет шаңырақ көтерген.

“Әкемнің туған күнімен құттықтауға келе жатырмын. Ол мені күтіп отыр. Мейрамханада жолығамыз. Туған күніне телефон алдым. Бұрын да алып берген едім, бірақ жаңартқым келеді. Құлаққап та алдым. Ертерек бара жатырмын, тосынсый жасауым керек. Жолдан торт та алдым. Есте қалатындай кездесу болмақ. Мен 7 жасқа толғанда ата-анам бөлек кетті. Ол кісінің бөлек отбасы бар”, – дейді актриса. 



Бейнежазбадан көргеніміздей, блогер әкесінің туған күніне орай оған iPhone 15 Про Макс ұялы телефоны мен AirPods құлаққабын сыйлады. Актриса сыйлықты ерекше әдіспен табыстаған. Әкесін бірге тамақтануға мейрамханаға шақырып, тамақтың орнына тәрелкеге сыйлығын салып, бетін ыдыспен жауып ұсынды. Әкесі бұл шынымен де тосынсый болғанын айтты.

Еске салайық, Әсел Асқарды қырғыз режиссеры киносына түсіруден бас тартқанын жазған едік. 

Талқылау