"Ата-анам, бауырларыммен далада қалдық": Мөлдір Әуелбекова алаяқтарға алданып қалған
Мөлдір Әуелбекова отбасының басынан өткен ауыр жайтты баяндады. Ол алаяқтың құрбаны болып, баспанасынан айырылып қалғанын, ата-анасымен бірге далада қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"2015 жылы мені лақтырды. Ата-анам, бауырларыммен далада қалдық. Амал жоқтан үлкен сома 185 доллар курспен қарыз алып, 365 курспен қайтардық. Сол кезде үш жыл бойы сол қарызды жабу үшін ғана жұмыс істедім", – деп бөлісті әнші Instagram-дағы парақшасында.
Әнші жаңа үй салу үшін қарыз алған. 2 ай ішінде үйді тұрғызып, кейін сол баспанадан ұзатылған. Алайда Әуелбекованың екі некесі де сәтсіз аяқталған еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған