Ата-аналар есірткі қолданатын жасөспірімді қалай анықтай алады
Есірткі қолданатын жасөспірімді белгілі бір белгілер арқылы анықтауға болады. Бұл туралы Қазақстан ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Әмірханов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, тыйым салынған заттарды қолданатын жасөспірімнің белгілері суық тию немесе уланып қалғанға қатты ұқсайды.
"Дәріханаларда құрамында есірткі бар препараттар және құрамында есірткі заттары болмаса да есірткіге масайта алатын заттар бар. Ең қауіптілердің бірі – трамадол препараты. Ол синтетикалық опиоидты анальгетик немесе героиннің синтетикалық опиаты. Трамадол нашақорлыққа әкелетін зат. Ол өте қауіпті себебі ол суық тию не улану сияқты көрініс береді", – деді ІІМ бастығы.
Сондай-ақ, оның пікірінше, трамадолдан басқа, мектеп оқушылары ләззат сезімін сезіну үшін көз тамшыларын қолданатынын айтты, сондықтан ата-аналар балалардың қандай дәрі-дәрмектерді пайдаланатынын бақылауы керек.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ