"Ата-ана баласының телефоннан не көретінін білмейді": Дана Нұржігіт кибер кеңістіктегі алаяқтардан сақ болуға шақырды
Белгілі журналист, экс-сенатор Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі алаяқтарға қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Журналист кибер қауіпсіздік туралы да сөз қозғап, ел біле бермейтін түрлі терминдерге қатысты ақпаратты бөлісті.
Дроппер деген кім екенін білесіз бе? Кибер-қылмыстық схемаға, топқа кіретін адам. Шет елде отырып, телефон арқылы алаяқтық жасайтындарға біздің елдің банк карталарына ақша түсіріп беретін адам керек. Олар үлкен сомаларды осы дропперлерге аудартып, дроппер өзінің 10-15 мыңын алып отырады да, үстіндегі ақшаны шет ел асырып жібереді. 1 млн теңгенің 10 мыңы дропперге, 990 мың шет елде отырған бенифициарға. Әрі қарай ол ақша криптаға ауыстырылып, біздің елде алданған адамға қайтару мүмкін емес болып шығады.Дропперлердің көбісі жасөспірім балалар. 16-18 жас. Олардың қылмысы азаматтық сотта қаралады”, – деді экс-сенатор.
-
Интернет, дәрі-дәрмек, темекі қымбаттайды: 1 шілдеден бастап Қазақстанда не өзгереді?
-
"Үш үй мен екі пәтерді қолды еткен": Антикор бір жыл бойы іздеуде жүрген қазақстандықты ұстады
Сондай-ақ желідегі алаяқтықтың дені телефонға көп үңілетін жасөспірімдердің арасында болатынын айтты.
“Балаларымыз телефрнға үңіліп отырғанда, олардың не істеп отырғанын ата-ана-біз білмейміз де. Ал, қылмыстың бәрі қазір кибер-кеңістікте жасалады. Есірткі тасушы – закладчик, ақша аударушы – дроппер, менің түсінгенімше, полиция учаскелеріне түсетін күдіктілердің басым көпшілігі – осылар.
Ал, заңда дроппер деген термин де жоқ-ау… “Бүйту керек ед, сөйту керек ед” деп жүргенде алданғандардың млрд ақшасы оп-оңай шет ел асып жатыр”, – деп алаңдаушылық білдірді журналист.
Еске салайық, алаяқтар министр Аида Балаеваның атынан қазақстандықтарға хабарлама жіберіп жатқанын жазған едік.