"Ат үстінде тұрып сыйлады": Қарақат Әбілдина алғаш кімнен гүл алғанын айтып берді
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Қарақат Әбілдина алғаш рет гүл алған сәтін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/karakat_a/
Өнер иесі гүл сыйлаудың мәдениетін де айтып, балалық шағынан сыр шертті.
“Ең алғаш гүл алған кезім есімде. Байғұл деген ауылда тұрамыз. Көктем келгенде менің туған күніме қарай қырдың жиегі қызғалдаққа боялып, бәйшешектер өсуші еді. Ғарифолла деген ағам, жаны жәннатта болсын, туған күніміз қатар 5-6 сәуір. Сол жерге атпен барып, “Шұнағыма ең әдемі гүлдерді жинап келдім” деп, ат үстінде тұрып гүл сыйлағаны бала болсам да, есімде мәңгі қалыпты. Өзенге түссе де, суда өсетін сабағы ұзын, ақ гүлдер болушы еді ғой, соны терең жағына жүзіп барып алып беретін. Өнер адамы болатынымды сезді ме екен, басқаларға емес маған барған жерінен әдемі нәрсе көрсе, алып жүретін. Станцияның дүкеніне жаңа тауар түссе, атына отырғызып алып, қалағанымның бәрін әперіп, киіндіретін. Марқұм ағамның ғұмыры тым қысқа болды, 25 жасында өмірден өтті. Өскенімді көрмеді. Сағынышпен алтын ағамды еске алып отырмын”, – деді әнші.
-
"Балалардың сабағы қайда?": Вьетнамға отбасымен демалысқа аттанған Қыдырәлі мен Қарақат сынға қалды
-
"Дәлелсіз сөз – дәйексіз": Қарақат Әбілдина сыйлыққа таратқан көк орамалға қатысты пікір білдірді
Сонымен қатар өнер иесі анадан бөлек қарындас пен әпкеге де жиі гүл сыйлап, қуантып тұру – ер-азаматтың міндеті екенін айтып өтті.
“Мені оқитын ер балаларға айтарым, бір туған қарындасыңыз болса, арасында бір гүл сыйлап жүректерін қуантып қойыңыздаршы. Бала кезде туған ағасынан алған гүлдің жөні бөлек. Жүрекке ыстық қабылданады… Анаға құрмет жайлы айтпасам да түсінікті шығар… Бір әннің өзі жан дүниемді қопарып, қаншама нәрсені еске түсірді. Әннің құдыреті деген осы шығар?!”, – деп жазды мәдениет қайраткері.
Еске салайық, Қыдырәлі Болман жары Қарақат Әбілдинамен шаңырақ көтерген жылдардағы сәтті бөліскенін жазған едік.