Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Астрахань – Маңғыстау" су құбыры басшылығы 6,4 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары квазимемлекеттік сектордағы ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Астрахань – Маңғыстау су құбыры

Мәліметтерге сенсек, "Астрахань – Маңғыстау" су құбырын қайта жаңарту жұмыстары кезінде бюджеттен 6,4 миллион теңге жымқырылғаны анықталды. Тергеу бюджеттің орындалуын бақылау аясында жүргізілген.

Тергеу деректеріне сәйкес, қылмысқа қатысы бар "ҚазТрансОйл" АҚ-ның еншілес кәсіпорны – "Магистралды су құбыры" квазимемлекеттік мекемесінің бұрынғы бас директоры, оның орынбасары, мердігер компания өкілдері және жобалық ұйымның құрылтайшысы күдікке ілінді.

Тергеу барысында прокурорлар күдіктілердің жалпы құны 1,1 миллиард теңге болатын мүлкін анықтап, сот шешімімен оған тыйым салынды. Бұл үкімді орындау мен келтірілген залалды өтеу мақсатында жасалды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.



Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында балабақша директоры мен есепшісі ата-аналардың жарнасын қалталарына басқан. Бейнеуде балабақша директоры мен есепшісі ата-аналардың жарналарын заңсыз түрде өздерінің жеке есепшоттарына аударған. Олардың әрекеттерінің салдарынан 12 миллион теңгеден астам шығын келген. Алайда облыстық прокуратура өкілдері келтірілген шығынның толық көлемде өтелгенін атап өтті.

Талқылау