Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Астарлы ақиқаттың кесірінен анамнан айырылып қала жаздадым": Марат Омаров отандық бағдарламаны айыптады

Марат Омаров КТК арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасында тосыннан немерелі болған еді. Әншінің ұлы Азаматтың некесіз қызы бар екені белгілі болды. Енді Марат Омаров хайп қуған бағдарлама заңға қарсы әрекет етті деп айыптады. 

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Айта кетейік, бағдарламаға түркістандық бойжеткен Кәмшат Таубай Марат Омаровтың ұлы Азамат Омаров қызымның әкесі деген өтінішпен келген еді. Айтуынша, кездесіп жүрген жігіт оның жүкті екенін білгенде ізін суытқан. Ал Азамат Омаров Кәмшатпен бір күн ғана кездескем деп ақталды. 

Бағдарлама қонақтарының бірі бұл жағдайға Азаматтың да, Кәмшаттың да кінәсі бар де айыптады. Азаматтың әпкесі, әнші Зарина Омарова да пікірі осындай. Азаматтың да кінәсі бар, қыз бала да етегін жауып жүру керек деген ойын жеткізді. 

Кәмшаттың әпкесі сіңлісі мен Азаматтың 4 ай уақыт кездесіп жүргенін жеткізді. Алайда қыздың арына қол сұғып, жүкті етіп, тастап кетті деп айып тақты. 

Бағдарлама барысында анықталғандай ДНҚ сараптамасы бүлдіршіннің әкесі Азамат Омаров екені расталды. Марат Омаров та, Азамат Омаров та бұл жағдайды қуанышпен қабылдап, қыз баланы бауырына басты

Айта кетейік, Азамат Омаровтың әйелі, бала-шағасы бар. Енді тағы бір қыздың әкесі атанды.

Алайда бұл жаңалық Марат Омаровтың 95 жастағы анасына ауыр тиген екен. Әжейдің қан қысымы көтеріліп, өлім аузынан қалған көрінеді. Бұл туралы әншінің өзі мәлімдеді. 

"Менің 95 жастағы анам қатты ауырып қалды Өлім аузынан қалды. Егер тамыры жарылып кетіп, әлдеқандай жағдай болса, кім жауап берер еді. Бағдарламаның жауапты адамы ма? Неге олар адамның ар-ожданын ойламайды? Біреудің ар-намысына тию заңға қайшы әрекет. Неге біздің отбасылық мәселені ел алдында талқылап, рұқсат сұрамастан бұрын талқыға салады. Сараптама жасалмай жатып, хайп қуып осындай дүниелерді жария етеді? Рейтинг үшін, хайп үшін жасайтын шығар. Бірақ бұл заңды әрекет емес", - деді Марат Омаров. 

Талқылау