Астаналық құтқарушылар өрт кезінде 9 газ баллонын шығарды

7 мамыр күні Астананың Байқоңыр ауданындағы Малахов көшесінде орналасқан бір қабатты жеке тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға орнына құтқарушылар дереу жіберілді.
"Өртті сөндіру барысында құтқарушылар 9 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, жарылыс пен одан да ауыр салдардың алдын алды”, – деп мәлімдеді Төтенше жағдай министрлігі.
Абырой болғанда өрт көрші үйлерге таралмады.
Ведомство мәліметінше, қазір өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өрт 60 шаршы метр аумақты шарпыған.
Бұған дейін Ақтөбеде өрткеніп кеткен әкімшілік ғимараттың жөндеу жұмыстарына 90 миллион теңге жұмсалатыны туралы жазған едік.
"Балам мектепке бармаймын деп жылайды": Қазақстандық әйел баласына бұралқы иттер шабуыл жасағанын айтып, шағымданды
Оксана: "Адамдардың үйінде асырап отырған мысығын, қояны мен тауығын жеп кетті"
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Төлемдер республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және ардагерлердің барлық санатына толық көлемде беріледі
Оқыңыз