Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар Қызылорда облысының әкімін тағайындау үшін жиналмақ

шенеуніктер пара алды деген күдікке ілінді

Қызылордада облыс әкімін тағайындауға келісім беру үшін депутаттар жиналысы өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тиісті хабарлама Қызылорда облыстық мәслихаты аппаратының сайтында жарияланды. Жиын ертең, 8 мамырда өтеді.

"Президенттің №912 Жарлығына сәйкес, Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындауға келісім беру үшін мәслихат депутаттарының жиналысы 8 мамыр күні сағат 09:00-де Қызылорда қаласында өтеді", — делінген хабарламада.

Еске салайық, Қызылорда облысының әкімі қызметін 2022 жылдың сәуірінен 2026 жылдың мамырына дейін Нұрлыбек Нәлібаев атқарған. 6 мамырда ол Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Назархан Уән
Бейсенбі, 07 Мамыр, 2026 13:54