Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тревел-блогерлерге арналған турларға 168 миллион теңге жұмсалады

Тау шыңындағы фотограф
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 2026 жылы блогерлер, журналистер және туристік индустрия өкілдері үшін ақпараттық турларды ұйымдастыруға 168,8 млн теңге жұмсалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.

Республикалық бюджеттен туризмді дамытуға шамамен 1,5 миллиард теңге бөлінген. Бағдарламаға мыналар кіреді:

  • маркетингтік жобалар;
  • халықаралық көрмелерге қатысу;
  • роуд-шоулар мен ақпараттық турларды ұйымдастыру;
  • туризм мүмкіндіктерін ішкі және халықаралық нарықта дамыту;
  • түрлі іс-шаралар өткізу.

Қаражаттың бір бөлігі инфлюенсерлерге арналған турларды ұйымдастыруға жұмсалады.

"Халықаралық және қазақстандық БАҚ өкілдері, блогерлер, туристік индустрия өкілдері және басқалар үшін ақпараттық турларды ұйымдастыру және өткізуге – 168,8 млн теңге", – делінген министр жауабында.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанға келген АҚШ-тық саяхатшы-блогер Camperghini өзін Қазақстанның туризм министрлігі өзін шақырып, алайда ешкім қарсы алмағанын айтып шағымданған еді. Оның айтуынша, ол мұнда ресми түрде шақырылған. Блогер апталап, айлап жоспар құрып, бәрін келіскенін, ал келген күні туризм министрлігі оны “ұмытып кеткенін” алға тартты. Артынша АҚШ-тық блогерді Тұрсын және Баян Алагөзовтер үйлеріне шақырып, қонақ етті. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 06 Мамыр, 2026 23:10