Пәтерінің суықтығы мен нашар жөнделгеніне шағымданған қазақстандыққа 33 миллион теңгесі қайтарылды
Елорда тұрғыны жаңа пәтеріндегі сапасыз жөндеуге көңілі толмай, үйдің суық екенін айтып, мемлекеттік мекемеге шағым түсірді. Сауда және интеграция министрлігі азаматқа 33 миллион теңгесін қайтарып берді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден
“Астана қаласының тұрғыны пәтер сатып алған. Алайда үй үнемі суық екенін әрі пәтердегі жөндеу жұмысының сапасыз екенін байқаған. Осыған байланысты ол елордалық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне хабарласып, сотқа дейінгі шағым жасау бойынша құқықтық көмек пен кеңес алды. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде тұтынушыға 33 миллион теңгесі толық қайтарылды”, – деп жазды Сауда және интеграция министрлігі.
Жарты жыл бойы тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің мамандары 777 миллион теңгеден астам сомаға тауарлар мен қызметтерді қайтару, айырбастау және ауыстыру жұмыстарын жүргізді.
Бұған дейін "Сергек" орнататын компания мемлекетке 238 миллион теңге қайтарған еді.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды