Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанаға дизель және бензинмен жүретін көліктердің кіруіне шектеу қойылмақ

Астанадағы дизельді және бензинмен жүретін көліктердің кіруі шектелмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Бұл Астанадағы ауаның ластану деңгейін төмендету үшін қажет. 

Елордалық қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Бердалин Астанада көліктен шығатын түтін салдарынан ауаның ең жоғары ластануы жылдың суық мезгілінде байқалатынын айтты. Ауаны жеке сектордағы жылу-электр станциялары да ластайды.

"Биыл біз Лондондағы тәжірибеге ұқсас, қалада төмен шығарындылар аймағын құру бойынша пилоттық жобаны енгізуді ұсындық. Негізгі идея - ластаушы заттардың жоғары шығарындылары бар бензин мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қалаға кіруін шектеу. Аймақтың шекаралары аймаққа кіреберістердің алдында және негізгі қиылыстарда орналасқан белгілермен нақты белгіленеді. Ұсыныс қарастырылуда", – деп түсіндірді Бердалин.

Ол 2022 жылы газға көшудің арқасында шығарындылардың басым бөлігі азайғанын түсіндірді. Дегенмен, соңғы бес жылда автокөліктер саны 20,2 пайызға артқан.

Талқылау