Астанаға бет алған пойызда ер адам жолаушыға қарап, өзін-өзі қанағаттандырған
Оқиға 4 мамыр күні Шымкент-Астана бағытындағы пойызда болған. Жолаушылардың бірі белгісіз ер адамның купе ішінде өзін-өзі қанағаттандырғанын айтып, шағымданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Жолаушының айтуынша, қыз ұйықтап жатқанда оған белгісіз ер адам жақындап, өзін қанағаттандыра бастаған. Шу шығармау үшін оған ақша ұсынған екен.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ аталған фактіні растады.
"2024 жылдың 4 мамырында Шымкент-Астана бағытындағы №86 жолаушылар пойызының жолаушысы купеде белгісіз ер адамның өзін-өзі қанағаттандырғаны туралы шағым білдірген. Ол Қарағанды станциясына полиция қызметкерлерін шақырған", – делінген хабарламада.
Қарағандыға жеткен полицейлер ер адамды пойыздан алып шықты. Енді онымен тәртіп сақшылары айналысады.
Айта кетейік, бұған дейін желіде Алматыда ер адамның кішкентай баланың көзінше көшеде өзін-өзі қанағаттандырған видеосы тараған еді. Азаматтың баланың ағасы екені анықталған еді.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек
Қазақстан оған тек спорттық мүмкіндік берген мекен емес, жүрегіне жақын елге айналған
"Әрқайсысына 150 миллион теңгеден": Елдегі ұлттық компаниялар 2025 жылы басшыларына қанша сыйақы төлеген
Бағдат Мусин басқаратын Қазақтелекомда жалпы сыйақы көлемі 752,3 миллион теңге болған