Астанадағы мектепте баланың баспалдақтан құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Астанадағы №14 мектеп-гимназиясында оқушылардың бірі баспалдақтан құлап, ауыр жарақат алғаннан кейін сотқа дейінгі тергеуді басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Мұны бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Facebook-парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, қазір мектептің оқу жылына дайындық сапасы тексерілуде.
Динара Закиева қазір зардап шеккен баланың ауырлық дәрежесі орташа, жақсару үрдісі бар екенін атап өтті. Оның когнитивті функциялары сақталған, сұрақтарға жауап бере алады және нұсқауларды орындайды.
Астана ПД аталған қылмыстық іс туралы әлі түсініктеме жоқ.
Бұған дейін Астананың №14 мектеп-гимназиясында жазатайым оқиға болып, оқушылардың бірі баспалдақтан құлағаны айтылды. Астананың білім басқармасы 25 қыркүйек күні оқушыны сыныптасы итеріп жібергенін мәлімдеді.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан