Астанадағы G-Park құрылыс компаниясына салымшылар шағым білдірді
Салымшылар Астанадағы бас директоры "Аманат" партиясының мүшесі Ғабит Сәтмағамбетов болып табылатын G-Park құрылыс компаниясына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Біз салымшылар ретінде G-Park жобаларына инвестициялаған қаражатымызды қайтаруда қиындықтарға тап болдық. Бұл құрылыс компаниясының адалдығына сенімді болғанымызбен, қазір қиын жағдайға тап болып, қаржылық ауыртпалықтарды бастан кешіріп жатырмыз", – деп жазады инвесторлар журналист Динара Егеубаеваның әлеуметтік желіде жариялаған үндеуінде.
Олар пәтерлерді уақытында беруге уәде еткенін, бірақ жобалардың тоқтап қалғанын және кешіктіріліп жатқанын хабарлады.
"Көптеген хаттарымыз бен өтініштерімізге қарамастан, G-Park компаниясының басшылығынан қаражатымызды қайтаруға қатысты тиісті жауап ала алмай жатырмыз", – делінген хабарламада.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек