Астанадағы бас мешітте Назарбаев марқұм інісіне арнап ас берді
Астанадағы республикалық бас мешітте экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев марқұм інісіне арнап ас берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ас 18 қарашада 13:00-де басталды. Жиынға бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысады деп жоспарланған.
KazTAG басылымының мәліметінше асқа Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева келген. Сонымен қатар Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімов, экс-президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаев, Өмірзақ Шөкеев, Қырымбек Көшербаев, Қайрат Қожамжаров қатысты.
Механиктен ірі активтердің иесіне дейін: Экс-президенттің інісі Болат Назарбаев туралы не білеміз
Мешітке тек арнайы тізіммен кіргізіп жатыр. Бөгде адамдарға қатысуға тыйым салынған.
Еске салайық, Болат Назарбаев 13 қарашада Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада қайтыс болды. Экс-президенттің інісі 14 қарашада жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсіміне Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі