Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында көз жұмды

Тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы қаласы Орталық клиникалық ауруханасы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты ресми түрде растады.

"2023 жылы 13 қараша күні сағат 09.51-де Болат Назарбаев ұзаққа созылған дертінен кейін көз жұмды”, - деп хабарлады ауруханадан. 

Сондай-ақ аталған ақпаратты Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай да растады. 

"71 жасқа қараған шағында созылмалы ауырудың салдарынан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден озды",- деп жазды ол X (Twitter) желісінде. 

Еске салайық, бұған дейін экс-президенттің інісі ауыр жағдайды ауруханаға түскені туралы хабарлаған едік. Ақпарат бойынша, Болат Назарбаев 3 қараша, жұма күні кешке миокард инфарктінің қайталануы деген диагнозбен орталық қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл жеткізілген. Қазіргі уақытта Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр және тұрақсыз, бүйрек жеткіліксіздігі көрсеткіштерінің нашарлауы байқалады. 

Талқылау