Астанадағы 19 жастағы жігіттің өлімі: Полицейлер түнгі клубта болғанын жоққа шығарды
Видеодан скрин
Астана қаласының полиция департаменті түнгі клубтағы төбелеске қатысты түсінік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, күдікті қылмысын мойындаған.
Полицияның хабарлауынша, жанжал басталған кезде полиция қызметкерлері клуб ішінде болмаған. Жақын маңдағы жасақ шақыру бойынша келген.
"Полиция қызметкерлерінде ақпарат болмаған және олар белгісіздік жағдайында әрекет еткен. Адамдардың көптігінен және үрей салдарынан ауыр зардап шеккендердің бар-жоғын бірден анықтау мүмкін болмаған. Барлық қажетті шаралар қабылданып, жанжал тоқтатылып, жедел жәрдем шақырылып, оқиға орнына алғашқы тексеру жүргізілді", – делінген ақпаратта.
Қазір мекеме әкімшілігіне және иелеріне қатысты тексеру жүргізілуде. Қылмыс қаруын алып өту мүмкіндігі және қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылады.
Еске салайық, көз жұмған жігіттің әпкесі шабуыл кезінде мекемеде күзетшілер, әкімшілер және полиция қызметкерлері болғанын, алайда олар шара қабылдамағанын айтып, мән-жайды баяндады.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді