Астанада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап кетті
Астанада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Нәжімеденова көшесіндегі үйдің ауласында болған. Бала алған жарақаттарының нәтижесінде оқиға орнында көз жұмды.
"30 маусымда "102" арнасына Нәжімеденова көшесіндегі бір үйдің ауласында 17-қабаттан бала құлап кетті деген қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Бұл дерек расталды. Үш жасар қыз алған жарақатынан сол жерде көз жұмды, сараптамалар тағайындалды", - деді Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды