Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды
Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түнде астаналықтар мектеп маңында тұрған қызды байқап, полицияға хабарласқан. Полиция мәліметінше, оқушы оянғанда, үйдегі сағатта уақыт таңғы 07.00-ді көрсеткен. Осылайша, ол дайындалып, мектепке кеткен.
"3 ақпанда сағат 3.26-да "102" арнасына Конституция көшесіндегі мектеп маңында кішкентай қыздың тұрғаны туралы ақпарат түсті. Тексеру барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған оқушының түнгі сағат 03.00-де оянып, киініп, мектепке барғанын анықтады. Өйткені үй сағатындағы уақыт таңғы 07.00-ді көрсеткен", – деді елордалық ПД өкілі.
Сондай-ақ ведомство өкілі ата-анасының бұл туралы полицейлерден білгенін айтты. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр