Астанада теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысты (видео)
Астанадағы теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде көшенің қиылысында (Тайбурыл) автобус пен пойыз соқтығысқан видео пайда болды.
"№30 бағыттың жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, тепловозбен соқтығысты. Полиция жүргізушінің үстінен хаттама толтырды", - деп хабарлады CTS.
Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, жүргізуші жолаушылар көлігінде 30 жыл, ал №1 автобус паркінде 10 жылдан бері жұмыс істейді. 31 тамыз күні таңертең стандартты медициналық тексеруден өтіп, сапқа қабылданды. Жүргізуші жұмыстан алынып, біліктілік орталығына қайта даярлауға жіберілді. Жолаушылар зардап шеккен жоқ.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады