Астанада жасөспірімдер 12-қабаттан көшедегі адамдардың үстіне су толы пакеттер лақтырған (видео)
Видеодан скрин
Астаналықтар көшеден өтіп бара жатқан адамдарға 12-қабаттан су толы пакеттерді лақтыруды әдетке айналдырған жасөспірімдердің әрекетіне шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тұрғындардың айтуынша, жасөспірімдер өтіп бара жатқан адамдарға су толы пакеттерді лақтырып, кейін байқалмау үшін дереу пәтердегі жарықты өшіріп қояды. Жасөспірімдердің әрекеті бұған дейін бірнеше рет қайталанған, тіпті зардап шеккен адамдар да бар екен.
“Бұл балалар Қабанбай батыр көшесіндегі үйдің 12-қабатынан үнемі адамдарға су толы пакеттер лақтырады. Олар бір түнде осы әрекеттерін бес рет қайталады, үш рет видеоға түсіріп үлгердік. 12-қабаттан лақтырылған кезде судың тығыздығы артады, пакет кірпіш түскендей соққы бере алады, адамға ауыр зиян тигізуі мүмкін. Видеода үш баласы бар ер адамға пакет тигені көрінеді”, – дейді оқиға куәгері.
Астана қалалық полиция департаменті 15 жастағы екі жасөспірімнің ұсталып, жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.
“Аталмыш дерек бойынша 15 жастағы екі жасөспірімнің жеке басы анықталды. Олар полицияға жеткізіліп, заңды өкілдерінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары жасөспірімдердің жасаған ұсақ бұзақылық әрекетіне байланысты жауапкершілікке тартылды”, – делінген полиция хабарламасында.
Талқылау
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді
"Соңы қуғын-сүргінге алып келеді": Белсенділер Қазақстан депутаттарының ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы шешіміне қарсы шықты
Депутаттар ашық насихатталып жатқан бір жынысты неке, педофилияға заңмен тыйым салу көзделіп отырғанын айтты