Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада сүйіктісін кастрациялаған әйел 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Астанада ер азаматты кастрациялаған әйел 5 жылдан 10 жылға дейін абақтыға қамалуы мүмкін. Бұл туралы Есіл аудандық №2 соты төрағасының міндетін атқарушы Қанат Тобағалиұлы айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Астанада сүйіктісін кастрациялаған әйел 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

«Судья кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Кепіл төленді және соған сәйкес оны ұстағаннан кейін қайтадан босатты. Іс 106-баптың (ҚР Қылмыстық кодексі) 2 бөлігінің 3 және 4 тармақтары бойынша жүргізілуде», – дейді Есіл аудандық №2 соты төрағасының міндетін атқарушы Қанат Тобағалиұлы айтты.

ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес, дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепiлге алумен ұштасқан, аса қатыгездікпен жасалған іс-әрекет үшін бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Сот жабық режімже өтіп жатыр.

Еске сала кетейік, жыл басында 36 жастағы әйел қызғаныштан сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастады. Оны ұйықтатып, дегенін іске асырған келіншек кейіннен өз әрекетінен шошып, азаматты ауруханаға өзі жеткізген.

Тағы оқыңыз: 

Жоғары оқу орындары ақылы білімнің бағасын өздері белгілейтін болады

Тазалық сақтау үшін қойларға жөргекқап кигізген иесі желі қолданушыларын күлдірді (видео)

Қай қазақстандық өндірушілердің тауықтары қауіпті деп танылды

Ақтөбеде жалғызбасты әке аналары тастап кеткен екі баласын «шариғат бойынша қатаң» тәрбиелеймін дейді

Талқылау