Астанада өнеркәсіптік альпинистердің өліміне қатысты күдікті ұсталды
Астанада өнеркәсіптік альпинистердің өліміне қатысты күдікті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay
Қалалық прокуратураның хабарлауынша, қызметкерлердің өліміне жұмыс беруші мен жеке кәсіпкер басшысының кінәлі екені анықталды.
"Тергеу барысында қызметкерлердің өліміне жұмыс берушінің, жеке кәсіпкер басшысының қатысы бар екендігі туралы айғақтар алынды. Қалалық прокуратураның нұсқауы бойынша тергеу органы жеке кәсіпкердің басшысына қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін, 12 қазан күні Астанада төрт өнеркәсіптік альпинист биіктіктен құлап, оның үшеуі қаза болған еді.
Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар