Астанада мұнаралы кран құлап, бір адам ауруханаға жеткізілді
Астанадағы Capital Park тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында мұнарады кран құлап, бір адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 9 мамырды Есіл ауданындағы 38 көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша кран салынып жатқан екі үйдің арасында құлаған.
"Мұнаралы кранды бұзу кезінде конструкция автокранның үстіне құлап кетті. Салдарынан "Андрюшкин" жеке кәсіпкерлігінің 1999 жылы туған кран жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа деңгейде", – делінген хабарламада.
Комитет мәлім еткендей кранды бұзу кезінде секцияаралық саусақтар, кран мұнарасы секциясы мен кранның бас шылбырын бекітуші болмаға. Нәтижесінде кранның бағыттаушысы автокранға құлап кеткен.
LRT, кептеліс және студенттер ағыны: Алматы көлік жүктемесін қалай көтермек?
Алғашқы LRT желісінің құрылысына 61,4 миллиад теңге қарастырылған
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған