"Астанада мектеп директоры өз күйеуін өлтірген": Полиция тергеу қорытындысын жариялады
Астана полициясы күйеуін өлтірді деген мектеп директорына қатысты тергеу немен аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz.-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Редакцияның ресми сауалына Астана полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық процессуалдық кодекстің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы "Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауы" бойынша тоқтатылғанын хабарлады.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.
Айта кетейік, 26 ақпанда Астанада полицияға пәтерден ер адамның мәйіті табылғаны, әйелдің пышақ жарақатымен ауруханаға түскені турала хабарлама түсті. Әйел елордадағы мектеп директоры, қайтыс болған ер адам оның күйеуі екені анықталды.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді