Астанадағы LRT жүйесінің қашан іске қосылатыны белгілі болды
LRT жүйесін іске қосу мерзімі кейінге шегерілді. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасын 2 жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
LRT жүйесінің қашан іске қосылатынын CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің басқарма төрағасы Ғани Тәжиев қалалық мәслихаттың отырысында мәлімдеді.
“LRT жүйесін іске қосуды жеделдету мақсатында жоба екі кешенге бөлінген. Бірінші кешен 2025 жылға қарай пайдалануға мүмкіндік береді. Оның құны 1 млрд 152 млн доллар немесе 61% болатын алғашқы іске қосу кешенінде 8 станцияны толық аяқтау көзделген. Екінші іске қосу кешенінің құны 735 млн долларды құрайды, яғни 10 станция пайдалануға беріледі. Сондай-ақ қосымша 14 станция салынады. Уақтылы қаржыландырылса 2026 жылға дейін жобаның құрылысы аяқталады”, – деді Ғани Тәжиев.
Ұзақ жылдарға созылған атышулы құрылыстың жалпы құны – 1 миллиард 888 миллион доллар.
Талқылау

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады