Астанада LRT құрылысы екі жылға созылады – Жеңіс Қасымбек
Астанадағы LRT жобасының бірінші кешенін салу басталды. Бұл туралы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“LRT бірінші кешенін іске қосу үшін құрылыс қайта жанданды. Жобаны 2 жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз”, - деді Жеңіс Қасымбек.
Қала әкімі биыл шаһардағы барлық проблемалы үлестік құрылыс пайдалануға берілетінін атап өтті. Бұл жобалар "Нұрлы жер" бағдарламасының екінші кезеңі аясында жүзеге асырылып жатыр.
"Биыл наурызда 2030 жылға дейін қалалық реинновация бағдарламасы өзектендірілді. Оның аясында апатты жағдайда тұрған 206 үйдің тұрғындары көшіріледі", - қала әкімі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”