Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада лифтте пышақ жарақатын алған бала оңалту орталығына жатқызылады

Лифтте пышақ жарақатын алған астаналық бала оңалтуға жатқызылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Елордада 5 жасар баланы лифттің ішінде психикалық ауытқуы бар жасөспірім пышақтаған еді. Бала ауруханада жедел ем алып шықты, енді оңалту орталығына жіберілмек. Бұл ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады.


  • Астанада лифтте балаға пышақпен шабуыл жасаған 14 жастағы жасөспірімді қандай жаза күтіп тұр

"2025 жылғы сәуір айында ұлттық балаларды оңалту орталығына жатқызу жоспарланды” деген қысқа ақпарат алдық қалалық басқармадан”, – делінген хабарламада.

Баланың көршісі, оқиғадан кейін оған алғашқы көмек көрсеткен хирург Жандос Ахнаев, баланың бетінде неврологиялық өзгерістер қалғанын атап өтті. Оның сөзінше, зардап шеккен бала сол көзін толық жаба алмайды. Мұрын мен ерін арасында да айтарлықтай жарақат орыны байқалады.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастағаны туралы жазған едік.

Оқиғадан кейін бала ауыр халде №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер зардап шеккен баланы ота жасап құтқарып қалған еді.

Талқылау