Астанада күтуші баланы қылқындырып өлтірді деген күдікпен ұсталды
Астанада күтуші 2 жасар баланы өлтірді деген айыппен ұсталды. Бала қылқынудан жан тапсырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
38 жастағы бала күтушінің ұсталғаны туралы әлеуметтік желіде тараған.
"Дереккөздің мәліметінше, бала күтуші 2 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында", - делінген Egov.press Telegram-арнасындағы жазбада.
Полиция аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.
"Күдікті ұсталып, изоляторға қамалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі