Астанада қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталды
Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Әлия Қожабаева сыбайлас жемқорлық жасады деп күдікке ілінді. Қазір оған қатысты сот процесі жүріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

25 шілдеде “Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы” ММ басшысына қатысты тергеу аяқталды. Ол кәсіпкерге 4,7 млн теңге көлемінде залал келтіріп, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп күдікке ілінді.
"Қазіргі уақытта айыпталушы сотқа берілді. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді", – деп толықтырды Антикор.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Әлия Қожабаеваның ұсталғанын мамыр айында хабарлады. Шенеунік өзінің еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасында 2020 жылдан бастап жұмыс істейді.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі