Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкім лауазымына 260 мың доллар берген: Қызмет сатып алмақ болған бизнесмен Ақтөбе әуежайының директоры болып тағайындалды

Алаяқтарға 113 миллион теңге беріп, алайда әкім болмай қалған Азат Нұғманов "Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай" АҚ-ның басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

фото: rus.azattyq-ruhy.kz

Әуежайдың жаңа басшысы бұған дейін көлік компаниясының директоры, Алматы әуежайында жүк тасымалына жетекшілік еткен. Ақтөбе әуежайының басқарма төрағасының бірінші орынбасары және Орал қаласындағы әуежайдың комерциялық директоры болған.

 "2023 жылдың 11 шілдесіндегі шешім бойынша "Әлия Молдағұлова атындағы Халықаралық әуежай" АҚ Ақтөбе облысының қаржы басқармасының жалғыз құрылтайшысы Азат Хамитұлы Нұғманов Ақтөбе әуежайының басқарма төрағасы болып тағайындалды", – делінген әкімдік хабарламасында.

Ең қызығы, Азат Нұғманов аты шулы әкім лауазымын сату ісінде жәбірленуші болған. Ол “500 мың долларға Ақтөбе қаласының әкімі қызметіне тағайындап береміз деп” уәде берген алаяқтарға алданған болатын. Сотталушылар өздерін президент әкімшілігінің қызметкерлері ретінде таныстырған. Нұғманов алаяқтарға жарты соммасын бірден берген. Содан кейін олардың есепшотына тағы 10 000 доллар аударған. Осылайша бас-аяғы 260 000 доллар берген.

Ал Ақтөбенің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Әлия Молдағұлова атындағы әуежайды сенімгерлік басқаруға беруге кедергі жасамақ. Агенттік облыстық қаржы басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сараптай келе, Үкіметтің "2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" қаулысындағы олқылықтарды атап өтті. Солардың арқасында стратегиялық маңызы бар Әлия Молдағұлова атындағы әуежай бәсекелес ортаға беруге арналған объектілер тізіміне енді.

Агенттік қаржы басқармасына, Ұлттық экономика министрлігіне әуе айлағын жекешелендірудің кешенді жоспары тізімінен шығару туралы ұсыныс жіберді.

Талқылау