Астанада қатты желден университеттің шатыры ұшып кетті
Астанада қатты желден Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университетінің шатыры ұшып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғимарат шатырының зақымданғаны түсірілген фотолар әлеуметтік желіде пайда болған. Университеттің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
"Оқиға сағат 16:00 шамасында болды. Агрономия факультеті ғимаратының шатыры зақымданған. Қазір онда төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр", – деді университет өкілдері.
Еске салсақ, бұған дейін Астана әуежайында қатты желге байланысты рейстер тоқтатылатыны туралы жазған едік.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан