Астанада Камаз алты көлікті соққан: Жүргізуші қашып кетті
Астанада 7 сәуір таңертең КамАЗ жүргізушісі тұрақта тұрған алты көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Камаз Циолковский көшесімен Абай даңғылына қарай келе жатып, тұрақта тұрған алты автокөлікке соғылуға жол берді. Жүк көлігінің жүргізушісі іздестірілуде.
Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізуші көліктен шығып, оқиға орнынан кетіп қалған. Бақытымызға орай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Қазіргі уақытта жүргізушінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады", – деп толықтырды полиция.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар