Астанада "Хан Шатыр" маңындағы өрт толығымен сөндірілді: Құтқарушылар өрттің алдын ала себебін атады (видео)
Төтенше жағдайлар министрлігі Астанадағы “Хан Шатыр” сауда орталығы маңында тұтанған алапат өрттің толығымен сөндірілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Министрлік мәліметіне сәйкес өрт 250 шаршы метр алаңға жайылған.
“Өрттің алдын ала себебі: отпен жұмыс істеу немесе оттың аз калориялы көздері. 2-ші қабаттан 27-ші қабатқа дейін тұрғын үй кешенінің сыртқы қаптамасы мен жылытқышы жануы орын алды. Өрт кезінде өрт сөндірушілердің күшімен 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала бар. 2 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала бар”, – делінген хабарламада.
Қазір оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр. Жалынмен күреске 20 бірлік техника мен 91 құтқарушы жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Астанада “Хан Шатыр” сауда орталығының маңындағы тұрғын үй кешендірінің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлаған едік.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты