Астанада ғимараттың қасбеті баланың үстіне опырылып түскен (видео)
Астанада тұрғын үй кешенінің қасбеті опырылып, баланы басып қала жаздаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Оқиға "Sat City" тұрғын үй кешенінің кіре берісінде болған. Басынан жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді. Қазір бала амбулаторлық емдеуге жіберілген.
Нұра аудандық полиция бөлімі қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған