Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ереуілге шыққан мұнайшылар ұсталып жатыр

Астанада ереуілге шыққан мұнайшыларды ұстау басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vlast.kz басылымына сілтеме жасап.

"Энергетика министрлігінің алдында наразылық білдірген жұмысшыларды ұстап, арнайы көліктерге салып жатыр", - делінген ақпаратта.

Полиция энергетика министрлігі ғимаратының маңында наразылық білдірушілерді қоршап, СОБР топтастырылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін жаңаөзендік мұнайшылар сәуірдің 11-іне қараған түні "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (ҚМГ) орталық кеңсесінде болған еді. "КезБи" мен "Берәлі Маңғыстау" компаниясының бұрынғы жұмысшылары Астанада жұмыспен қамту мәселесі толығымен шешілгенше ереуілге шығуға уәде берген.

Сәуірдің 11-і күні түстен кейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жаңаөзендік мұнайшылардың Астанада дүрбелең туғызу үшін ереуілге шыққанын хабарлады. Бір қызығы, жаңаөзендіктердің айтуынша, ҚМГ бас кеңсесіндегі мұнайшылардың ереуілі болған жерге жаңадан сайланған парламент депутаттарының ешқайсысы келмеген.

Талқылау