Астанада ер адам өзін-өзі өртеп жіберген (видео)
Желіде Астанада ер адамның өртеніп жатқаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Оқиға Сығанақ көшесінде болған. Желідегі ақпаратта ер адамның 33 жаста екені айтылған.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ер адам “өзін-өзі өртеп жіберген”. Ер адам денесінің 80 пайызын күйік шалған. Дәрігерлер беттің, бас терісінің, дененің және екі жоғарғы жақтың I-II-IIIA дәрежелі күйіктері диагнозын қойды. Тыныс алу жолдары да зақымданған.
Қазір ер адам жансақтау бөліміне жатқызылған.Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар