Астанада ер адам ойыншық тапаншамен ақша айырбастау пунктін тонамақ болды (видео)
Астанада ақша айырбастау пунктіне қарулы ер адам шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеокадрдан алынған
“Ақша айырбастау пунктіне жасалған қарулы шабуыл сәті видеоға түсіп қалды. Оқыс оқиға 30 сәуірде сағат 18:30-да болған”, – делінген видео сипаттамасында.
Медицина маскасын таққан ер адам мекеме қызметкерінен ақшаны тезірек өзіне беруін сұрайды. Сөз барысында ол қолына резеңке қолғап киді. Қарақшының жанында тапаншасы бар болып шықты.
“Өтінемін, қолыңызды көтеріңіз. Менің қолымда граната бар, қазір оны тастап жіберемін. Ренжімеңіз. Өтінемін, қолыңызды көтеріңіз. Шынымды айтсам, осындай қадамға баруға мәжбүрмін. Ақша төлеуім керек. Тезірек, қазір тастап жіберемін”, – деп қорқытты тапаншасын оқтаған қарақшы.
Қаладағы полиция департаменті ақша айырбастау пунктінде қарақшының ұсталғанын мәлімдеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, шабуыл жасаған адам “ізін суытпай” анықталды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Күдікті өзінің қылмыстық жоспарын істей алмады. Себебі кассир дабыл түймесін басқан, мұны естіген қарақшы ізін суытып үлгерген.
Сонымен қатар полиция күдікті ер адамнан ойыншық тапанша тәркіленгенін хабарлады. Қылмыстық іс тергеліп жатыр.