Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада "Диснейленд" емес, ойын-сауық паркі салынбақ

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Астанада "Диснейленд" салу жоспары жайлы сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

диснейленд

Фото: pixabay.com

"Диснейленд деп айта алмаймын, бірақ жүзеге асып жатқан жобалардың ішінде Астанада туристік квартал бар. Бұл – үлкен кешен, мұнда үлкен парк болады. Жоба әзірге дайындалып жатыр. Бірақ бұл Диснейленд емес", – деді Еркінбаев.

Жаңа парк "Барыс Аренаның артқы жағында болады. Оны 2027 жылы ашу жоспарланып отыр.

"Бұл – біздің астананы тексеріп, жобаны дайындауға кірісіп кеткен шетелдік инвестор. Үлкен кешенде тек көңіл көтеру орталықтары емес, үлкен сауда орталығы мен халықаралық деңгейдегі отель болады. Бұл туристер тартатын ірі орталыққа айналады деп ойлаймыз", – деп қосты вице-министр. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайдың Шанхай қаласындағы Диснейлендке ұқсас ойын-сауық саябағы салынатыны айтылған еді. "Жібек жолы" деп аталатын ойын-сауық саябағы Қазақстан мен Қытайдың мәдени ерекшеліктерін біріктіреді делінген. 

Талқылау