Астанадағы LRT құрылыс алаңында бұрғылау қондырғысы көліктің үстіне құлады
Астанада LRT құрылыс алаңында бұрғылау қондырғысы құлап, жеңіл көлікті басып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдай Сығанақ көшесінде болған. City Transportation Systems баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрғылау қондырғысы Hyundai көлігінің корпусына түскен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
"Сығанақ көшесінде қада орнату бойынша бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде қондырғы оң жақ шынжыр табанымен асфальттың бос жеріне құлады.Hyundai көлігі рұқсат етілмеген жерге қойылған. Салонда жолаушылар да, жүргізуші де болмаған. Аудан қоршалған.Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған