Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада "Болашақ ойындары" аяқталды

Екі аптаға жуық әлемнің 50-ден астам елінен келген 800-ден астам спортшы виртуалды және шынайы спортты біріктіретін спорт түрлерінен бақ сынасты. 

Олардың бірі – Phygital Fighting. Бұл – виртуалды файтинг пен нағыз ММА жекпе-жегін біріктіретін инновациялық формат. Қатысушылар әуелі ойын консолінде жарысады. Содан кейін олар жекпе-жекті аралас жекпе-жек ережелері бойынша шынайы әлемде өткізеді. Екі кезеңнің нәтижесі жинақталып, ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.

Phygital Fighting  “Болашақ ойындары – 2026-да” “Казцинк” компаниясының қолдауымен өтті.

“Спорттың күш сынасатын түрлері – тек қарсыласты жеңу ғана емес, ең алдымен өзіңді, отбасыңды, жақындарыңды қорғау. Оны цифрлық технологиялармен ұштастыру – ақыл-ойдың күшін көрсету мүмкіндігі”, – деп атап өтті компанияның бас директоры Жанат Жанботин.

“Казцинк”  металмен жұмыс істейтін компания, ал металды күшпен, беріктікпен, төзімділікпен байланыстырамыз. Бұл қасиеттер спортта ғана емес, өндірісте де маңызды. Бүгінгі таңда компания кәсіпорындарында цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және жабдықты қашықтан басқару белсенді қолданылады. Сондықтан біз үшін Phygital Fighting-ті  қолдау – күш пен төзімділіктің заманауи технологиялармен қалай үйлесетінін көрсетудің жолы. 

Жарнама құқығында

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 11 Тамыз, 2026 11:52