Астанада бала көтерген ер адамның соққыға жығылған сәті видеоға түсіп қалды: Желі қолданушылары қаскөйді боксшы Бейбіт Шуменов деп топшылады
Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының тамақтанатын орнында төбелес болды. Бір ер адам екіншісіне жұдырық ала жүгірген. Ал оның қолында кішкентай бала болған. Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнебақылау камераларына түсірілген видеосы пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеоны Egovpress Telegram-арнасы жариялады. Авторлардың айтуынша, оқиға 18 маусымда болған. Қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты зардап шеккен тарап істі тежеген полицияның үстінен шағымданған.
Желі қолданушылары қаскөйдің танымал боксшы Бейбіт Шуменов екенін жарыса жазды. Осыдан кейін спортшы әлеуметтік парақшасында пікір қалдыру функциясын алып тастаған.
Оқиғаға қатысты полиция департаменті пікір білдірді.
"Бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл ретте полиция қызметкерлеріне қызметтік тексеріс тағайындалып, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетін болады. Басқа мәлімет жарияланбайды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр