Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі 14 оқушыны ұрып тастаған

Астанадағы мектептердің бірінде оқыс оқиға болды. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі 14 жоғары сынып оқушысын соққыға жықты. Оған оқушылардың тәртібі себеп болған. Оқушылардың бірі мұғалімге дөрекі сөйлеген, деп хабарлайды КТК арнасы.

1464339489_dsc_8226-copy

“Ол сыныптасымыздың бірін аяусыз ұрып тастады. Екінші сабақ кезінде оқушы мұғалімді қалжыңдап келеке етті. Мұғалім оны естімеген шығар деп ойлағанбыз. Біз оқушыны жақтамақ болып едік, бізді де ұрып жіберді. Екінші рет қайталанатын болса, істің қалай аяқталатынын ескертті”, – дейді Аманжан Ахмед.

Ата-аналары балаларының таяқ жегенін жақында ғана білді. Оқушылардың денелері көгеріп қалған. Мұғалім нұсқау таяғымен ұрған. Осыдан кейін ата-аналар полицияға арыз жазады. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілді. Мұғалім қызметінен босатылды.

“Біз онымен сөйлестік. Мұғалім кінәсін мойындады. Ол бізде 7 жыл жұмыс істеп, өзін жақсы жағынан көрсеткен. Оқушылармен де ара қатынасы жақсы болатын. Бүгін оның оқушылардан ақша талап еткенін айтып жатыр. Бірақ ол шындыққа жанаспайды. Ол өзін оқушылар балағаттаған соң ұрып жіберген”, – дейді Астана қаласындағы №48 мектеп-лицейінің директоры Әлия Шонова.

Тағы да оқыңыз:

2 млн теңге тауып алған Шымкент тұрғыны иесін іздеп тауып қайтарып берді

Бердібек Сапарбаев зәулім үйлер тұрғызған дәулетті отбасылардан тәубеге келулерін сұрады

Талқылау